2026 жылдың 16 наурызында "Психологиялық қолдау орталығы" КММ "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ бірлесіп, оқыту семинарын ұйымдастырып, өткізді. Семинар спикері - "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ психотерапевт дәрігері, облыстың суицидологы Ким Михайл Сергеевич. Ким М.С. психиатр-дәрігер суицидтік мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандарды анықтаудағы іс-қимыл алгоритмін түсіндірді.
Семинар барысында қауіп факторлары, суицидтік мінез-құлық белгілері және диагностика туралы айтылды. Қатысушылар тарапынан селфхармды анықтау кезінде педагогтердің мінез-құлық тактикасы және өзіне-өзі зиян келтіру кезінде суицидологпен кеңесу міндеттілігі туралы сұрақтар түсті. Қамтылған педагогтер саны - 200 адам











