2026 жылғы 21 қантар №9 бұйрық бойынша «Психологиялық қолдау орталығы» КММ бастамасымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарымен жұмыс тобы құрылды. 2026 жылғы 23 ақпанда жоспарға сәйкес Zoom платформасында онлайн жиналыс өткізілді. Кездесу барысында қазіргі педагог-психологтардың өзекті мәселелері талқыланып, пікір алмасу ұйымдастырылды.
Жұмыс тобының мақсаты – колледждердегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын жүйелеу және сапасын арттыру, педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, студенттердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және білім беру процесінде тиімді психологиялық сүйемелдеу жүйесін қалыптастыру.







