Өткізілген жұмыс барысында біздің мамандар: Едембаева Г.К. Хуанган А. және Бодик Л. А .білім беру мекемелерінің кең спектрін қамтыды: педагогтармен, оқушыларымен және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлерімен жұмыс жүргізілді. Бұл тәжірибе өзекті мәселелерді тереңірек түсінуге және білім берудегі маңызды жетістіктерді анықтауға мүмкіндік берді.
Жүргізілген супервизия Бұқар Жырау ауданының білім беру саласындағы оң үрдістерді анықтады, сонымен қатар педагогтардың біліктілігін арттыру және оқушыларға жеке көзқарасты дамыту сияқты бағыттарда жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.






