Тіліңізді таңдаңыз

Қарағанды облысы білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасынан қоғамға: балалардың әл-ауқаты – біздің ортақ міндетіміз» тақырыбында ауқымды интенсив өтті.

Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасынан қоғамға: балалардың әл-ауқаты – біздің ортақ міндетіміз» тақырыбында ауқымды интенсив өтті.

2026 жылғы 11 ақпан күні Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасынан қоғамға: балалардың әл-ауқаты – біздің ортақ міндетіміз» тақырыбында ауқымды интенсив өтті.

Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» және «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ бірлесіп ұйымдастырды.

🔹 Мақсаты:
Балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және әл-ауқатын арттыру бағытында отбасы, білім беру ұйымдары, әлеуметтік қызметтер мен қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын нығайту.

🔹 Қатысушылар:
Психологиялық қолдау орталығының мамандары, ведомствоаралық ұйым өкілдері, педагог-психологтар, ата-аналар, тәлімгерлер.

Интенсив аясында білім алушылардың жобалары мен шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, «Ю.Гагарин атындағы ЖББМ», «С.Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)», «Сарытөбе негізгі орта мектебі» КММ және «Руханият» ҚББО ұжымдары белсенділік танытты.

🔹 Пленарлық отырыста балалардың қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-ананың жауапкершілігі, нашақорлық профилактикасы, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы мәселелері кеңінен талқыланды.

Аудандық прокуратура, полиция бөлімі, денсаулық сақтау саласының мамандары мен педагог-психологтар өзекті тақырыптарда баяндама жасап, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

🔹 Ата-аналарға арналған шеберлік сыныптар,
🔹 «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясындағы психологтардың инновациялық жұмыс бағыттары,
🔹 Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар,
🔹 Мамандардың жеке консультациялары ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында ата-аналар тарапынан кері байланыс алынып, ұсыныстар жинақталды.

✨ Балалардың әл-ауқаты – тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осындай бірлескен жұмыстар жас ұрпақтың қауіпсіз әрі жарқын болашағын қалыптастыруға негіз болады.