Өңірлер бойынша бірқатар супервизиялар мен интервизиялар басталды, ал біздің маршруттың алғашқы нүктесі Қарқаралы қаласы болды. Іс-сапар барысында біз директорларға, педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға арналған семинарлар, диалог алаңдары мен тренингтер өткіздік. Біздің басты мақсатымыз – психологиялық сүйемелдеу жүйесін нығайта отырып, білім беру ұйымдарында қолайлы орта құруға жәрдемдесу.
Тәжірибеге ерекше назар аударылды: мұғалімдер теориялық білім алып қана қоймай, сонымен бірге оқушылармен жұмыста қолдануға болатын жаттығуларды өздері орындады.
Қарқаралы жылы әсер қалдырды-мұнда жайлылық пен шынайылықтың ерекше атмосферасы сезіледі, ал адамдар бізді шын жүректен ашықтық пен қызығушылықпен қарсы алды.






