Бүгін «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицейінде Психологиялық қолдау орталығының мамандары Хуанган Айсулу мен Тусупова Сабина Багдатовна қатысуымен кешенді жұмыс күні өтті. Сапардың басты мақсаты — оқушылардың психологиялық саулығын нығайту және педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.
Іс-шара аясында келесі жұмыстар атқарылды:
Бейімделу мониторингі: мамандар 5-сынып оқушыларының сабақтарына қатысып, балалардың орта буынға бейімделу деңгейін, оқу процесіндегі психологиялық жай-күйін зерделеді.
Оқушылармен тренинг: 6 «В» сыныбында «Қауіпсіз қарым-қатынас: сенім дегеніміз не және оны қалай тануға болады?» тақырыбында арнайы тренинг өтті. Сабақ барысында балаларға тұлғааралық шекараны сақтау, сенімді қарым-қатынас орнату және қауіпті жағдайларды тану жолдары үйретілді.
Педагогтермен кәсіби кеңес: мектеп ұстаздарымен психологиялық жай-күйді алдын алу негіздері бойынша мазмұнды жұмыс жүргізілді.
Талқыланған өзекті мәселелер:
1. Психологиялық қарым-қатынас: мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластық пен кәсіби этика.
2. Эмоционалдық күй: педагогтардың эмоционалдық тұрақтылығын сақтау және стресске төзімділігін арттыру.
3. Ұрпақ ерекшелігі: қазіргі жасөспірімдердің дүниетанымы мен олардың үлкендерді қабылдау ерекшеліктері, жаңа буынмен тіл табысудың тиімді тәсілдері.
Мектеп әкімшілігі мен психологиялық қызмет көрсетілген кәсіби қолдау үшін Психологиялық қолдау орталығының мамандарына алғыс білдіреді. Бірлескен жұмыс — балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуының кепілі.





