Тіліңізді таңдаңыз

Қарағанды облысы білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Отбасынан қоғамға дейін: балалардың әл-ауқаты — ортақ міндетіміз

Отбасынан қоғамға дейін: балалардың әл-ауқаты — ортақ міндетіміз

2026 жылғы 24 ақпанда Қарағанды облысы білім басқармасының КММ «Психологиялық қолдау орталығы» базасында, Қарағанды қаласы білім бөлімінің интенсиві өткізілді.
Бағдарлама ата-аналарды, оқушыларды және педагогтерді біріктіріп, балалардың әл-ауқаты жолында отбасы, мектеп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.
• Психологиялық қолдау орталығы мен Отбасын қолдау орталығы мамандарының ата-аналарға арналған мастер-класы
• ПМПК, полиция және Отбасын қолдау орталығы өкілдерінің қатысуымен өткен «Қазіргі замандағы баланың қауіпсіздігі» тақырыбындағы пленарлық отырыс
• Ата-аналар мен оқушыларға арналған мамандардың жеке кеңестері
• Мектеп белсенділерінің «Қауіпсіз мектеп» жобалары
• Педагог-психологтерге арналған аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша семинар

Іс-шара балалар үшін қауіпсіз әрі қолдаушы ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды, себебі балалардың әл-ауқаты — қоғам дамуының берік негізі.

WhatsApp Image 2026 02 25 at 10.29.58 2

WhatsApp Image 2026 02 25 at 10.29.59

WhatsApp Image 2026 02 25 at 10.29.51

WhatsApp Image 2026 02 25 at 10.29.55 1

WhatsApp Image 2026 02 25 at 10.29.57 4

WhatsApp Image 2026 02 25 at 10.29.45