21 қаңтар күні гимназияда “Педагогикалық-психологиялық қолдау ерекшеліктері” тақырыбында сынып жетекшілерге арналған семинар өтті. Семинарды Қарағанды облысы білім басқармасының мобилді қызмет ету бөлімінің басшысы Мейрамова Ж.Д жүргізді. Сынып жетекшілерге оқушы бойындағы өзгерістерді бақылау және педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын берудің әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Кері байланыс кезінде бірнеше сұрақтар қойылып, толық жауап алынды.








