Бұл клубтың мақсаты – жасөспірімдердің өзін-өзі тану жолында қарым-қатынас, рефлексия және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға көмектесу.
Тренинг барысында бір-бірімен танысуға, шығармашылық ойлауды дамытуға және рефлексиялық талдауға арналған интерактивті ойындар өткізілді.
Топтық жұмыс принциптеріне баса назар аударылып, көзделген мақсатқа тиімдірек жетуге көмектесетін ережелер белгіленді.
«Адам өзінің көзқарасын өзгерту арқылы өмірін өзгерте алады». - Уильям Джеймс.
Үйірме әр жұма сайын орталықта сағат 16:00-де өтеді







